Казахстанская Международная Выставка "Продукты Питания, Напитки, Ингредиенты, Упаковка и Оборудование для Пищевой Промышленности"

Казахстанская Международная Выставка "Продукты Питания, Напитки, Ингредиенты, Упаковка и Оборудование для Пищевой Промышленности"

Қатысу Түрлері

ЖАБДЫҚТАЛҒАН СТЕНДТІ СТАНДАРТТЫ ЖИНАҚТАУ  

Қатысу құны мыналардан тұрады:

  1. Жабдықталған стендтің (жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз)

НЕМЕСЕ

таза алаңның (жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз) 1 ш. м. құны

  1. Стендтің (егер бар болса)орналасуының үстеме бағасы
  2. Тіркеу төлемі (жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз)
  3. ҚҚС 12%

Тіркеу төлемі - көрмеге барлық келушілер арасында тарату үшін қатысушылардың каталогына енгізу (сіздің байланыс координаталарыңыз және компания қызметінің сипаттамасымен), компьютерлендірілген тіркеу жүйесі (бейдждер), көрмеге 100 шақыру, көрменің ашылуына байланысты коктейльге 2 шақыру, қатысушы сертификаты, стендте тазалау (жұмыс күнінен кейін кешке), жалпы күзет.

Бұл сома міндетті түрде төленеді.

Қосымша

  • Стендтің бұрыштық орналасуы кезінде: алаң құнына +10%
  • Стендтің қабырға түбінде орналасқан кезінде (стенд үш жағынан ашық): алаңның құнына + 15%
  • Стенд аралдық орналасқан жағдайда (стенд барлық жағынан ашық): алаң құнына + 20%
  • Стендке арналған қосымша қызметтер мен жабдықтар - техникалық бөлімге хабарласуыңызды өтінеміз.

Тел.: +7-727-258-3434
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

  1. Сырттай қатысу

Егер сіздің компанияыңыз Қазақстанның инвестициялық нарығымен бастапқы танысуға ғана мүдделі болса, біз сізге сырттай қатысу нысандарының бірін пайдалануды ұсынамыз.

2.1 ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАРАТУ

Мұндай қатысу павильонға кіре берісте орналасқан сыртқы блоктың брошюралық тіреулерінде басқа компаниялардың материалдарымен қатар сіздің жарнамалық баспа материалдарыңызды таныстыруды қамтиды. Көрмені ұйымдастырушылар бөлген маман материалдардың уақытылы толықтырылуын қадағалайтын болады.

Жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз

Ескертпе:

  • Осы сырттай қатысу нысаны сіздің көрмеге келушілермен үстелде жұмыс жасауыңызға жол бермейді. Алайда көрмеге баруға болады.
  • Жарнамалық баспа материалдары көрмеге дейін 5 күн бұрын алынуы тиіс.

2.2 КӨРМЕНІҢ РЕСМИ КАТАЛОГЫНДА ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРУ  

Көрменің ресми каталогында жарнаманы орналастыру тапсырыс берушінің компаниясының дайын түрлі-түсті немесе қара-ақ жарнамалық модулін көрменің ресми каталогында орналастыруды болжайды. Каталогтың форматы - А5. Сондай-ақ, байланыс деректері бар компания қызметінің сипаттамасын орналастыруға болады. Каталог сала мамандары, елшіліктер, көрмеге қатысушылар арасында таратылады, сондай-ақ көрме кешенінің кассасында сатылады. Көрменің каталогында орналастырылған ақпарат көрменің ресми сайтында автоматты түрде орналастырылады.

Жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз

Ескертпе:

  • • Жарнамалық модуль көрмеге дейін 2 ай бұрын алынуы тиіс

2.3. СЕРІКТЕСТІК МҮМКІНДІКТЕР

Егер сіз нарыққа белсенді шығуға мүдделі болсаңыз немесе Сіздің компанияңыздың мақсаты нарыққа барынша жылжу болып табылса, «Көрме серіктесі» топтамасын пайдаланыңыз. Сіз аласыз:

  • «Көрме серіктесі» мәртебесін
  • Ауқымды жарнамалық науқан (компанияның логотипін көрменің барлық жарнамалық өнімдерінде орналастыру)
  • Кең танымалдылық
  • Көрмені Сіздің компанияңыздың атымен байланыстыру

Жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз

 2.4. СЕМИНАРЛАР, ТҰСАУКЕСЕРЛЕР, МАСТЕР-КЛАСТАР ҰЙЫМДАСТЫРУ

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында компания семинар, тұсаукесерлер немесе мастер-класс өткізе алады. Бұл ретте Сіз қатысу түрін аласыз:

  • Қазіргі және әлеуетті клиенттерді Сіздің компанияңыздың қызметімен кәсіби таныстыру мүмкіндігін
  • Екі жақты әңгімелесу түрінде клиенттердің қажеттіліктері мен күтулерін анықтау

Барлық кәсіби іс-шаралар арнайы жабдықталған бөлмеде өтеді.

Семинар бөлмесінің жалға алу құны тапсырыс берілген құрал-жабдықтарға және оқиғаның өту уақытына байланысты болады.

Жоба менеджерінен құнын нақтылауыңызды өтінеміз