26-шы Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

26-шы Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

InterFood Astana 2025 көрмесіне келушілердің пікірлері

Еркебұлан Қабашев, сатып алу жөніндегі жетекші маман, «Atlas KZ» АҚ

Біздің компания үшін бұл көрмеге келу орынды шешім болды, себебі бұл тағам өнеркәсібіне арналған бейінді іс-шара. Біз құс өсіру және ет өнімдерін өндірумен айналысамыз, сондықтан біз үшін қаптамалық шешімдерді көру және нарық жағдайын зерделеу қызықты болды. Бүгін біз көрмеге алғаш рет келіп отырмыз, бірақ қазірдің өзінде келесі жылы қатысуды жоспарлап отырмыз. Іскерлік бағдарлама аясындағы іс-шараларға әлі қатысқан жоқпыз, бірақ жоспарлап отырмыз.


Олжас Нұрқанов, Olzhas ЖК директоры

Мұндай іс-шарада алғаш рет болып отырмын, әсерім өте жағымды. Бізде кофеге ұқсас дәнді дақылдарды өндіру бар, сондай-ақ фастфуд саласында жұмыс істейміз. Осы тақырыппен келдік, бірақ нәтижесінде әлдеқайда кең өнім мен жабдық ассортиментін көрдік. Әсіресе аяқ киім өндірісіне арналған қытайлық жабдықтар қызықтырды — бізге оқыту ұсынды, технологиялары шынымен қызықты көрінді. Мұндай көрмелер тағам өнеркәсібінің дамуына өте пайдалы. Бұл — жаңа таныстар, технологиялар мен идеялармен алмасу мүмкіндігі. Болгария, Қытай, Оңтүстік Корея компанияларының қатысып отырғаны көрініп тұр — халықаралық ауқымы таңғалдырады. Осындай іс-шаралар шабыт береді, әрі кәсіби және жеке даму үшін жақсы мүмкіндік. Мұндай оқиғалар көбірек болса екен деймін.


Асель Оралқызы, категориялық менеджер, Jeti Aspan

Көрмеден алған әсеріміз — әдеттегідей өте жағымды. Біз жыл сайын өз сауда желілерімізге қызықты тауарлар табамыз. Қуантатыны — мұнда тек қазақстандық емес, қырғызстандық өндірушілер де ұсынылған. Кейбірімен танысып үлгердік, олар бізбен тікелей немесе дистрибьюторлар арқылы жұмыс істеуге дайын. Жыл сайын жаңа қатысушылар мен жаңа ассортимент пайда болады, нарық үнемі дамуда — бұл біздің сатып алушылар үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай көрмелер бизнеске нақты көмектеседі: өз бетімізше іздеп, уақыт жоғалтпаймыз — 2–3 сағат ішінде бес жаңа азық-түлік жеткізушісін таптық. Бұл жұмысымызды едәуір жеңілдетеді әрі саланың дамуына тамаша мүмкіндік береді.

Нұржан Маусариев, даму директоры, Aprofi

Көрмеден жақсы әсер алдық. Біз тағам өндірісіне арналған жуғыш және тазалағыш құралдарды жеткізумен айналысатын компанияны таныстырамыз, сондықтан азық-түлік өндірушілерін көру және нарықты бағалау біз үшін ерекше маңызды болды. Қазақстандық брендтерді көру — жағымды жайт, олар тағам өндірушілер қатарында да, біздің сала өкілдері қатарында да бар. Іс-шараның ауқымы күткенімізден аздау болды, бірақ жалпы ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Бұл — халықаралық көрме: Қазақстан мен Ресейден көптеген компаниялар ұсынылған. Бағдарламамен таныстым, іскерлік сессияларға қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл — пайдалы және нәтижелі іс-шара.


Бақтияр Нұртазин, экономика жөніндегі директордың орынбасары, «Максимовский продукт MF» ЖШС

Көрме өте ұнады — көптеген жеткізушілер мен өндірушілер түрлі өніммен таныстырды. Бұл — әлеуетті серіктестермен, жеткізушілермен және сатушылармен байланыс орнатудың тамаша мүмкіндігі. Бизнес үшін мұндай іс-шараларға қатысу — расында пайдалы. Әзірге нақты келісімдер болмаса да, біз өзіміз үшін қызықтырған тауарлар бойынша байланыс орнататын жеткізушілерді белгілеп алдық. Сондай-ақ келесі жылы стендпен қатысу мүмкіндігін қарастырып отырмыз — қазір біз өндіріс қуатын кеңейтіп жатырмыз және бұл өз өнімімізді таныстыру үшін жақсы мүмкіндік болады деп есептейміз.


Шолпан Бегимова, өндіріс басшысы, «Богатырь» өндірістік компаниясы

Мен Қарағанды қаласындағы «Богатырь» компаниясын таныстырамын. Біз жартылай дайын мұздатылған өнімдер — тұшпара мен қамыр өндіреміз. Мұндай көрмелерге бірінші рет келіп отырған жоқпын — Алматыда да, Астанада да болдым. Әр жолы көрме бізге пайдалы байланыстар мен жаңа мүмкіндіктер береді. Мұнда бізге қаптама, қорап, шикізат жеткізушілерін табуға болады — өндіріс үшін қажетті барлық заттар бар. Соңғы 3–4 жылда көрме арқылы бірнеше тұрақты әрі жемісті серіктестік орнаттық. Сол себепті жыл сайын қуана-қуана келеміз. Бұл — бизнес дамуына арналған маңызды әрі пайдалы алаң.


InterFood Astana 2024 көрмесіне келушілердің пікірлері

Ахметов Нұрғали, сату жөніндегі менеджер, «Инпромсервис» ЖШС

Мен бұл көрмеге алғаш рет келдім және оның әртүрлілігі мен қызығушылығына таң қалдым. Көрмеге қойылған қазақстандық өндірушілердің саны мені таң қалдырды, мұның бәрі ішкі нарықтың дамуы туралы айтады. Бұл елдің өндірістік мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытудың жарқын мысалы. Біз бірқатар өндірушілермен байланыс орнаттық, бірнеше нәтижелі келіссөздер жүргіздік және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Келесі жылы көрмеге келуді жоспарлап отырмын.


Мұсабеков Тастемір, маркетинг жөніндегі менеджер, «ВЕСНЕТ» АҚ

Мен көрмеге алғаш рет келіп отырмын және мұнда ұсынылған өндірушілердің алуан түрлілігі мен сұранысына таң қалдым. Мұнда біздің күнделікті өмірімізде қолданатын өнім өндірушілері ғана емес, сонымен қатар оның сапасы мен деңгейін анықтайтын компаниялар жиналды. Біздің компания айнымалы ақпаратты енгізуге арналған таңбалау жабдықтарына маманданған және көрмеде біз өз шешімдерімізге қызығушылық танытатын құнды серіктестерді таптық. Бізде кейінгі ынтымақтастық туралы бірнеше маңызды келісімдер жасауға мүмкіндік болды. Көрме өзара әрекеттесу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін одан да көп мүмкіндіктер ұсына отырып, дамып, кеңейе береді деп үміттенеміз.


Ахатов Дәулет, «Адал Сауда»

Біз көрмеге Орталық Қазақстандағы ірі дистрибьюторлық компания бола отырып, экспозицияның 20-ға жуық қатысушысының шақыруымен келдік. Көрме бізді өзінің тамаша ұйымымен және тәжірибелі және мейірімді қыздар қарсы алған тіркеу аймағындағы қызметкерлердің кәсібилігімен таң қалдырды. Атмосфера тыныш, артық шу жоқ, бұл іскерлік кездесулерге қолайлы жағдай жасайды. Біз Алматыда, Астанада, Мәскеуде, Дубайда және басқа да әлемдік астаналарда өтетін көрмелердің тұрақты қатысушылары болып табыламыз және әр жолы Қазақстандағы іс-шараларды ұйымдастырудың жоғары деңгейін байқаймыз. Стендтер бір стильде салынған, кең дәліздері бар, бұл әртүрлі компаниялардың стендтері арасында жүруді жеңілдетеді. Біз бірнеше перспективалық байланыстар жасадық және олардың екеуімен келісімшартқа отыруды жоспарлап отырмыз. Бұл біздің бизнесімізді дамыту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын және халықаралық деңгейде серіктестік байланыстарды кеңейту мүмкіндігін растайды. Біз осы көрмеге қайта барудың келесі мүмкіндігін асыға күтеміз.


Иордан Анна, «Викторис Лекс» ЖШС

InterFood Astana көрмесі мені жыл сайын өзінің бірегей атмосферасымен және ұйымның кәсібилігімен таң қалдырады. Мен мұнда төртінші рет келім отырмын және әр уақытта біздің бизнесті дамыту үшін қызықты жаңа байланыстар табамын. Биылғы жылы көрме еліміздің түкпір-түкпірінен және одан тыс жерлерден компания өкілдерін жинап, одан да әсерлі және ауқымды болды. Мұнда ұсынылған өнімдер шынымен ерекше және қызықты. Біз бірнеше жемісті келіссөздер жүргіздік. Мұндай көрмелер біздің бизнесімізді дамытуда шешуші рөл атқаратынына және ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар ашатынына сенімдімін. Ұйымдастырушылар бұл платформаны дамытуды жалғастырады, инновациялық компанияларды көбірек тартады және іскерлік алмасу мен өзара әрекеттесу үшін одан да өнімді жағдайлар жасайды деп үміттенемін.


Андрющенко Ирина, «Андрющенко» ЖК

Мен әрдайым осындай көрмелерге келуге қуаныштымын, өйткені мен үшін кәсіпкер ретінде бұл тек өз жетістіктерімді көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар құнды тәжірибе, білім алмасу және жаңа іскерлік таныстар табу. Бүгін мен спикерлерді тыңдауға ерекше қызығушылықпен келдім, өйткені олардың сөйлеген сөздері әрқашан мүмкіншілігімді кеңейтуге шабыттандырады және ынталандырады. Біз бірқатар компаниялармен және спикерлермен сәтті байланыс орнаттық, бұл біздің бизнес жоспарларымызға жаңа перспективалар қосады. Жыл сайын көрме дамуды және жетілдіруді жалғастыруда, бұл қатысушылардың өсуі мен олардың стендтерінің сапасын жақсартудан көрінеді. Бұл мұндай іс-шаралардың маңыздылығын ғана емес, олардың жалпы бизнес-қоғамдастықтың дамуына әсерін де растайды. Мен көрмеге 2025 жылы баруды жоспарлап отырмын.


InterFood Astana 2023 көрмесіне келушілердің пікірлері

Захаров Владимир, «Tinergy» ЖШС сату бөлімінің бастығы:

Біз InterFood Astana көрмесіне келдік, себебі қазақстандық нарықта сату көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы осы көрмеге экспонент ретінде қатысуды жоспарлап отырмыз. Көрме тұтынушының көзқарасымен қызықты. Осы жылдың соңында өтетін Астана мен Алматы қаласында осындай форматта өтетін іс-шараларға біздің компания шығаратын өнімдеріміздің  тұтынушылармен кері байланыс алу үшін қатысуды жоспарлап отырмыз. Біздің қаңылтыр тамақ өнеркәсібіне арналған барлық қаптамада қолданылады, сондықтан біз әрқашан осындай көрмелерге қызығушылық танытамыз. Болашақта осы көрмеге стендті тікелей орналастыруға қатысу үшін осы көрмені ұйымдастырушымен ынтымақтастық орнату туралы ойдамыз.


Шаронов Сергей, «CIS market» ЖШС сату жөніндегі менеджері:

Біздің компания азық-түлік ингредиенттерін, кешенді қоспалар мен хош иістерді жеткізумен айналысады. Біз Ресей, Красногорсктан келген «СОЮЗСНАБ» компаниясының дистрибьюторларымыз. InterFood Astana көрмесіне, Қазақстан Республикасында алғаш рет келіп отырмыз. Жыл сайын Мәскеудегі көрмеге қатысамын, Астанадағы көрме — бұл аз ғана ауқымдағы жоғары деңгей деп айта аламын. Барлығы керемет, ұйымдастыру тиісті деңгейде. Мен орта және кіші сегменттің өкілдерін көбірек көргім келеді. Нарықта ет өңдеуде нақты проблема бар. ҚР технолог кадрларының жетіспеушілігі айқын және жақсы технологпен, жақсы өндірушімен кездесу өте қиын. Бұл кездесу үлкен бақыт және біз бір-бірімізге көмектесуге мүмкіндік аламыз. Бұл көрме адамдардың кездесуге, іскерлік келісімшарттар жасасуға бірегей мүмкіндігі болып табылады, өйткені тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанда барлығы сауда жасайды, бизнесмендер көп, бірақ мамандар аз.


Воронкина Татьяна, «Фисташка» компаниясының директоры:

Мен Қарағанды қаласынан үлкен делегация құрамында келдім. Көрмеде алғаш рет. Өте қызықты көрме, мен өзіме қажет көптеген қызықты компанияларды таптым, көптеген адамдармен таныстым. InterFood Astana көрмесін ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Жемісті серіктестік болады деп үміттенемін.


Классен Надежда, «Фисташка» компаниясының менеджері:

InterFood Astana көрмесіне алғаш рет келдім, бұл өте қызықты тәжірибе, өзім үшін көп жаңалық таптым, жұмыс үшін ғана емес, күнделікті өмірде де қызықты көптеген түрлі өнімдерді сынап көрдім. Осы көрменің жетекшілеріне көп рақмет.  


Исатаева Дана, «Dana Desserty» компаниясының иесі:

Мен кофе-кондитерлік өнімдер желісінің өкілімін. InterFood Astana көрмесі өте мазмұнды, мұнда болашақта серіктестік орнатқым келетін көптеген серіктестер мен жеткізушілерді таптым. Маған өте ұнады, ұйымдастырушылар өте жақсы, бизнеске, атап айтқанда шағын және орта кәсіпкерлікке осындай қолдау көрсетті. Көп рақмет!


Амрина Мадина, «International Consulting Group» ЖШС сату жөніндегі менеджері:

Біздің компания тауарларға, өндірушіге, әртүрлі қызметтерге рұқсат құжаттамасын берумен айналысады. Бұл көрме біз үшін де, өндірушілер үшін де жақсы орын. Қалай болғанда да, шетелдік өндіруші өз өнімдерін тек Қазақстан аумағында ғана емес, ЕО-да және экспортқа тарату үшін сертификаттауға ие болуы керек. Сондықтан біз сияқты ұйым қажет және бұл аймақ бізге клиенттерді және олардың жеткізушілерін табуға мүмкіндік береді.


Жасекен Жомарт, «Damdes» ЖШС:

Мен Астана қаласында кейтеринг және HoReCa бағыттарымен айналысамын. InterFood Astana көрмесі әдемі. Мұнда өндірушілер Ресейден, әртүрлі бағыттардан келіп, өз өнімдерін ұсынатыны керемет. Өзім үшін басқа нарықтар бар деген қорытындыға келдім. Өйткені Ресейде болған жоқпын, алайда Қытайда, Еуропада болдым. Болашақта баруды жоспарлап отырмын, өзара серіктестік жасасуға үміттенемін.


Сочинский Владимир, «Дива» ЖШС дамыту жөніндегі директоры:

Біздің компания Астана мен Ақмола облысының нарығында 25 жыл жұмыс істеп келеді. Көрмені ұйымдастырушыларға тамаша ұйымдастырғаны үшін, бөлшек сауда орталығына қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтқымыз келеді, біз бірқатар отандық, шетелдік өндірушілермен кездесулер өткіздік. Жақын арада келісімшарттарға қол қойылады деп үміттенеміз және өнімдерді алдағы уақытта Астана  және біздің басқа филиалдарымыз: Көкшетау, Степногорск, Атбасар сөрелеріне шығаратын боламыз.


InterFood Astana 2022 көрмесіне келушілердің пікірлері

Лутов Сергей, DoorHaN халықаралық концернінің даму жөніндегі менеджері

Мен көрмеге бизнесімізді дамыту және жаңа шешімдер іздеу мақсатында келдім. Көрменің жақсы жақтарынан стендтердің нақты жоспарланған орналасуын, экспозицияны қатысушылардың жақсы толтыруын атап өтуге болады – барлық өнімдерді көруге, ұстап көруге және тұтынуға болады. Биылғы ұйымдастыру өте жақсы, бизнес иелерінің көпшілігі мұндай көрмелерге қатысудың маңыздылығын түсінетініне қуанышты.


Исмарова Зарина, «Xinbei group v Kazakhstan’s»

InterFood Astana көрмесі өте қызықты. Мұндай көрмелерді мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деп санаймын, өйткені мұндай алаңдар саланың дамуына ғана емес, жалпы Қазақстанның дамуына да көмектеседі. Көптеген қызықты өндірушілер ұсынылған, барлығы мұнда өздерінің жаңа өнімдері мен өзекті трендтерін әкелді. Біз өз бизнесіміз үшін көптеген қызықты нәрселерді таптық, содан кейін оны қолдана және сата аламыз.


Байшин Арман, ауылшаруашылық компаниясының өкілі

Мен басқа салада аздап жұмыс істеймін, тікелей тамақ емес, бірақ соған қарамастан: біз әріптестерімізбен көптеген қызықты нәрселерді таптық. InterFood Astana көрмесі өте жақсы, көрнекі тауарлар мен өнімдер көп. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың жұмыстары көрінеді, барлығы ауқымды және көрнекі көрінеді.


Айтенова Данагуль, ТОО «Дельта Трейд» ЖШС директорЫ

InterFood Astana көрмесі өте қызықты және танымды, ол бизнес үшін кеңістікті кеңейтеді. Жаңа идеялар мен қызықты қатысушылар көп. Мені жоғары ұйымдастыру деңгейі таң қалдырды. Келесі жылы өз стендіңізбен көрмеге қатысқымыз келеді.