25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

2022 ЖЫЛҒЫ 25-27 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ БОЙЫНША INTERFOOD ASTANA 2022 22-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТЕДІ.

Көктемде, 25-27 мамыр аралығында Қазақстанның астанасында 22-ші рет InterFood Astana тамақ өнеркәсібі бойынша көрме өтеді, ол өзінің жұмыс істеген сәтінен бастап тамақ өнімдеріне, сусындарға, ингредиенттерге, тамақ өнеркәсібіне және қаптамаға арналған жабдықтарға ғана емес, ең алдымен, сату географиясын кеңейтуге және сенімді серіктестерді іздеуге ұмтылатын тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының салалық өзара іс-қимылы үшін кәсіби алаң болып табылады.

2022 жылғы экспозицияға әлемнің 6 елінен 60-тан астам компания қатысады (Беларусь, Италия, Испания, Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы). Көрмеге қатысу қазақстандық нарыққа шығу, сату көлемін ұлғайту және өнімді жеткізу географиясын кеңейту үшін нақты мүмкіндіктер ашады. Бұған отандық, сондай-ақ халықаралық экспоненттер тарапынан ұдайы қызығушылық дәлелдейді.

2022 жылы отандық өндірушілер мен жеткізушілер қатысушылардың шамамен 30% - ын құрайды, стендтерді RC2 - дәстүрлі ұлттық ет деликатестері, Veles Distribution - зәйтүн майы, қойма үй-жайлары, дистрибуция қызметтері, Фаворит Техно - нан пісіру және кондитерлік жабдық, Nur Kazgazy және Интер Мульти Сервис - жетекші қатпарқаптама өндірушілер ұсынады. Дәстүрлі түрде ресейлік компаниялар өз өндірісінің жаңалықтарымен жеке экспозициялармен де, Мәскеу, Новосибирск, Челябі облыстарының экспортты қолдау орталықтарының қолдауымен ұжымдық стендтермен де қатысады. Беларусь ұлттық экспозициясы да биылғы жылы алаңға қатысуын кеңейтіп, өз экспозициясын 50% -ға ұлғайтты. Ұлттық стендтің құрамында ірі ірімшік, ет және сүт өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін таныстырады. Халықаралық қатысушылар құрамындағы бірегей өкіл M.I.N.E. – Business Consulting s.r.l.s. (Италия) компаниясы болып табылады, ол еуропалық өндірушілердің азия нарығына шығуының, ілгерілеуінің және қолдау көрсетуінің бірыңғай агрегаторы болып табылады. Көрмеге келушілер итальяндық шарап, алкоголь, консервілер, шоколад, пісте және басқа да өнімдерді өндірушілермен серіктестік орната алады.

InterFood Astana көрмесі алаңы келесі бөлімдермен ұсынылған:
• Азық-түлік өнімдері
• Тағамдық қоспалар мен ингредиенттер
• Алкогольді, алкогольсіз сусындар, шай, кофе
• Тамақ өнімдерін, сусындарды, қаптамаларды өндіруге арналған жабдық
• Орау технологиялары, ыдыс және орау
• Тоңазытқыш және сауда жабдықтары

Коронавирустық пандемиядан кейін Қазақстан үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін ұлттың болашағы және елдің азық-түлік қауіпсіздігі маңызды болып табылады. Мемлекет қабылдаған ҚР Тұрақты Даму Мақсатындағы № 2 тармақ ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес 2030 жылға қарай азық-түлік өнімдерін өндірудің орнықты жүйелерін құруды қамтамасыз ету және тіршілікке төзімділікті, өнімділікті арттыруға және өндіріс көлемін ұлғайтуға, экожүйелерді сақтауға ықпал етуге, климаттың өзгеруіне және төтенше ауа-райы құбылыстарына бейімделу қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерін енгізу қажет. Көптеген компаниялар үшін InterFood Astana көрмесіне қатысу Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты бастау, өнімді үнемі өсіп келе жатқан нарыққа жеткізуге жаңа келісімшарттар жасасу, сондай-ақ өндірістік процестерді интеграциялау үшін мүмкіндіктер ашады. Көрмеге келушілер қатарында тамақ өнімдері мен сусындарды өндірушілер мен дистрибьюторлар, көтерме сауда кәсіпорындарының өкілдері, бөлшек сауда дүкендерінің иелері, жаңа жеткізушілерді іздеуге мүдделі бөлшек сауда желілерін сатып алу жөніндегі мамандар, сондай-ақ отандық тамақ өнімдері мен сусындарды өндірушілер бар. 

Көрменің іскерлік бағдарламасының контентінде келушілерге арналған бірқатар «дөңгелек үстелдер», презентациялар мен мастер-кластар өтеді. Көрме алаңында сash&carry компанияларының, сауда және дистрибьюторлық желілердің өкілдері үшін Ритейл Орталық - b2b алаңы ұйымдастырылады. Өткен жылы ILP, Interfood, Good Market, Magnum, Metro, Meva Group, Monte Bianco, Беккер и К, Инмарт, Светофор және Южный өкілдерімен барлығы 200-ге жуық кездесу өткізілді.

InterFood Astana 2022 көрмесі аясында «Сапа дәстүрлері» азық-түлік және сусындардың кәсіби дәм тату байқауы өтеді. Өткен жылы байқауға 22 компаниядан 120 өнім үлгісі ұсынылды. Өнiмдерiнiң үлгiлерi жоғары бағаға ие болған компанияларға Құрмет Дипломы мен Алтын медаль тапсырылады. Биыл 15 номинация бойынша үздіктердің үздіктерін қазылар алқасы анықтайды.

Шараны ұйымдастырушы «Iteca» Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

InterFood Astana 2022 көрмесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қазақ Тамақтану академиясының, Қазақстанның Ораушылар қауымдастығының қолдауымен өткізіледі.

 Іс-шара туралы толық ақпаратпен және қатысушылардың тізімімен ресми сайттан танысуға болады www.interfoodastana.kz