«Ордабасы құс» ЖШС — Қазақстандағы күркетауық етін өндіретін ірі отандық компаниялардың бірі. Компания қызметінің негізгі бағыты — асыл тұқымды күркетауық өсіру, күркетауық етін өндіру, өнімді толық өңдеу және кең ассортиментте дайын өнім шығару.
Бүгінде компания жыл сайын шамамен 10 мың тонна күркетауық етін өндіріп, 100-ден астам өнім түрін шығарады. Ассортиментте салқындатылған және мұздатылған күркетауық еті, шұжық және сосиска өнімдері, ысталған деликатестер, тартылған жартылай фабрикаттар және күнделікті тұтынуға арналған өзге де өнімдер бар.
Компания өндірістің барлық кезеңдерінде — «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша қатаң сапа бақылауын жүзеге асырады. Мұндай тәсіл өнімнің қауіпсіздігін, тұрақты сапасын және жоғары дәмін қамтамасыз етеді. Көптеген өндірушілерден айырмашылығы, компания Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сертификаттауынан өтіп, «QMDB HALAL» сертификатын иеленген. Өнім сапасы халықаралық, республикалық және өңірлік көрмелер мен байқаулардағы көптеген марапаттармен, дипломдармен және сертификаттармен расталған.
Біздің миссиямыз — Қазақстанда табиғи әрі пайдалы тағамды тұтыну мәдениетін кеңінен дамыту. Біз жас ұрпаққа дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырып, қазақстандық отбасыларды дәмді әрі пайдалы күркетауық етімен қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Сонымен қатар, біз Қазақстандағы күркетауық өнімдерін сататын алғашқы фирмалық дүкендер желісі — «Дəмді ет indeika.kz» желісін табысты дамытып келеміз. Бұл — отандық өндірушіден сапасына кепілдік берілген диеталық ет, шұжық және күркетауық деликатестері ұсынылатын дүкендер.
Бүгінде күркетауық еті дұрыс тамақтанудың ең танымал бағыттарының біріне айналып отыр. Ол сапалы ақуызға, фосфорға, магнийге және B тобы дәрумендеріне бай, ағзаға жеңіл сіңеді және кез келген жастағы адамдарға жарамды. Күркетауық еті балаларға қосымша тағам ретінде, спортшыларға физикалық жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіру үшін, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге фолий қышқылының молдығы мен гипоаллергенді қасиетінің арқасында ұсынылады. Сонымен қатар, күркетауық етіндегі триптофан серотонин — «бақыт гормонының» бөлінуіне ықпал етеді.
Егер сіз денсаулығыңыз бен тамақ сапасына мән берсеңіз, күркетауық еті — күнделікті тұтынуға арналған тамаша өнім.
Компанияның сапа, пайда және дәмді үйлестіретін өнімдерімен танысу үшін стендімізге келуге шақырамыз.