25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ БОЙЫНША ЕЛОРДАЛЫҚ КӨРМЕДЕ NV WHITE CHEESE FROM ZHUKOVKA ЗЕҢДІ ТАБИҒИ ІРІМШІК ЖӘНЕ АҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚ ҚОСЫЛҒАН БРИ ІРІМШІГІ.

Zhukovka1«Жуковское молоко» ЖШҚ InterFood Astana 2023-те WhiteCheese from Zhukovka ТМ элиталық зеңді ірімшіктерін таныстырады, сондай-ақ өзінің жаңалығы-ақ саңырауқұлақ қосылған бри ірімшігінің тұсаукесерін жасайды.

«Жуковское молоко» зауыты өз тарихын 2016 жылдың жазында бастады және бүгінгі таңда Ресейдегі ең заманауи және қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Өз өнімдерімізді өндіру үшін біз тек фермерлік сүт пен француз өндірісінің рецептурасын қолданамыз. Зауытта сапаны бақылаудың қатаң көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, ол кәсіпорынға түсетін шикізатты кіріс бақылауынан басталады. Зауыт инновациялық жабдықтармен жабдықталған, бұл дайын өнімнің ең жоғары сапасы мен максималды шығымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. White Cheese from Zhukovka ТМ ірімшіктері жоғары дәмдік қасиеттеріне ие және осы ірімшік сұрыптарына тән барлық жетілу кезеңдерінен өтеді.

«Жуковское молоко» компаниясы қазақстандық сауда желілерінің байерлері мен сүт өнімдерінің дистрибьюторларын 31 мамыр - 2 маусым күндері Ұазақстан, Нұр-Сұлтан, «Назарбаев орталығы» даму орталығында өтетін InterFood Astana 2023 көрмесіндегі стендке шақырады.