25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

25-ші Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТАЛАМА ШИКІЗАТТЫ ЖИНАУ МЕН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША КЕДЕРГІЛЕР» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Қазақстандық жасыл «БАЙТАҚ» партиясы Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 31 мамырында Астана қаласы, Бөкейхан көшесі 1А, конференц-залда InterFood Astana 2023 көрмесінің алаңында өтетін «Қазақстанда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуді ұлғайту жөніндегі кедергілер» тақырыбында конференция өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.

Қазақстанда қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша өңдеу өнеркәсібін дамытудың ұзақ жылдар бойы бірдей қиындықтары мен проблемалары бар екені жасырын емес. Мысалы, қайта өңдеушілерде шикізаттың (макулатура, пластик, әйнек) болмауы немесе тапшылығы бөлігінде, бүгінгі күні саланы экономикалық қолдаудың (субсидиялар), салықтық преференциялардың болмауы, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және қалдықтардан алынатын қайталама шикізат бойынша нақты әзірленген саясаттың болмауы.

Біздің Қазақстанның әрбір өңірі өзінің даму жолымен жүріп жатыр, әрбір өңірде коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының әртүрлі нормалары және тиісінше халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған әртүрлі тарифтер болады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі-Кодекс) 2021 жылғы қаңтардың 1 онкүндігінде қабылданды, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді, алайда бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды толық әзірлемеген, яғни мәслихаттар бекіткен бағдарламалар жоқ, дегенмен Кодексте осы талаптар 2 жылдан астам бұрын белгіленген.

Осыған байланысты жоғарыда аталған проблемаларды уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен, жұртшылықпен және қалдықтар мен қайталама шикізатты басқару жөніндегі нарыққа қатысушылармен талқылау және барлық тараптардың қатысуымен саланы қолдаудың нақты тетіктерін әзірлеу қажет.