27-шi Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

27-шi Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУ МЕН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ INTERFOOD ASTANA 2026 КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

БҮГІН, 13 МАМЫР КҮНІ, АСТАНАДА 26-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ, СУСЫНДАР, ИНГРЕДИЕНТТЕР, ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ҚАПТАМА МЕН ЖАБДЫҚТАР» INTERFOOD ASTANA 2026 КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

ifa26 1st 14

Көрме азық-түлік өндірушілерін, жабдық жеткізушілерін, қайта өңдеу өнеркәсібінің өкілдерін, дистрибьюторларды және Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің салалық сарапшыларын біріктірді. Көрме 13–15 мамыр аралығында өтеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи технологиялық шешімдерді таныстыруға және азық-түлік индустриясының өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді кәсіби алаң ретінде қызмет етеді.

Биылғы жылы көрмеге 14 елден — Австрия, Беларусь, Вьетнам, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Малайзия, БАӘ, Польша, Ресей, Тайланд, Өзбекстан және Украинадан 61 компания қатысуда. Ұлттық экспозицияны Беларусь Республикасы ұсынады, сондай-ақ көрме аясында Ресей Федерациясының Воронеж, Орынбор және Смоленск облыстарының ұжымдық өңірлік стендтері ұйымдастырылған. Қатысушылардың жалпы санының ішінде 26 компания Қазақстан атынан қатысса, 35 экспонент халықаралық қатысушылар болып табылады. Бұл Қазақстан нарығына және өңірдің азық-түлік саласының әлеуетіне шетелдік қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

ifa26 1st 18

InterFood Astana 2026 көрмесінің ерекшеліктерінің бірі — алғаш рет қатысып отырған компаниялар санының айтарлықтай көп болуы. Ең назар аударарлық дебютанттардың қатарында Австриядан ANDRITZ AG, БАӘ-ден AF Compressors Middle East FZE, Германиядан Aicon X-Ray GmbH, Өзбекстаннан Navruz International Corp, Тайландтан Pacific Fish Processing Co., Ltd., Малайзиядан Power Root, Қытайдан RichHot Spices, Польшадан TAREEQ AL-KAWTHE, Беларусьтен «Беласептика», Ресейден «Империал» корпорациясы және азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына арналған инновациялық әзірлемелерді, ингредиенттерді, қаптама шешімдері мен жабдықтарды таныстырып отырған басқа да халықаралық өндірушілер мен жеткізушілер бар.

Бірінші күннің басты оқиғасы «Қазақстанның ет және сүт саласын индустрияландыру: инвестициялар, технологиялар, нарықтар» жалпы тақырыбымен өтіп жатқан MEAT & DAIRY INDUSTRY FORUM іскерлік бағдарламасы болды. Форум аясында «Қазақстанның ет саласының болашағы: стратегия, инвестициялар және өткізу нарықтары» атты стратегиялық пленарлық сессия өтті. Ол ет өңдеу саласының даму перспективаларын, инвестициялар тарту, өндірістік қуаттарды жаңғырту және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелерін талқылау үшін салалық қауымдастықтар, бизнес және сарапшылар өкілдерін біріктірді. Сессияға қатысқандар: Мақсұт Бақтыбаев – «Қазақстан ет одағы» ЗТБ Бас директоры; Жұматай Оразбаев – техника ғылымдарының докторы, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ өкілі; Мадияр Алимжанов – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанындағы Нарықтарды зерттеу және аналитика ғылыми орталығы басшысының орынбасары; Юрий Пчелко – Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі; Светлана Назарюк – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласындағы өңірлік филиалының директоры. Спикерлер өз баяндамаларында қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізудің, өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындар арасындағы кооперацияны күшейтудің, сондай-ақ экспортқа бағытталған өндірістерді дамытудың Қазақстанның ет саласының тұрақты өсуінің негізгі факторлары екенін атап өтті.

ifa26 1st 17

Бірінші күннің іскерлік бағдарламасының жалғасы ретінде «Фермадан экспортқа дейін: ет жеткізу, логистика және нарық талаптары» атты практикалық панельдік сессия өтті. Оның аясында қатысушылар логистикалық тізбектерді жетілдіру тетіктерін, халықаралық сапа стандарттарын енгізуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері, қайта өңдеушілер және экспортқа бағытталған кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экспорт географиясын кеңейту және отандық өнімді шетелдік нарықтардың талаптарына бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қызықты іскерлік бағдарламадан бөлек, InterFood Astana 2026 қатысушыларға әлеуетті серіктестермен кездесулер мен келіссөздер өткізуге, жаңа өткізу арналары мен байланыстарды іздеуге кең мүмкіндіктер ұсынады. Көрме экспозициясы азық-түлік пен сусындардан бастап қайта өңдеу, қаптау, сақтау және логистика жабдықтарына дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

Ертең, 14 мамыр күні форум жұмысы жалғасады. Оның аясында «Қазақстанның шикі сүт сапасы мен сүт саласының экономикасы: шикізат базасы мен жаңғыртудан бәсекеге қабілеттілік пен экспортқа дейін» атты панельдік сессия өтеді. Сессия сүт өндірісін дамыту, кәсіпорындарды жаңғырту, шикізат сапасын арттыру және Қазақстанның сүт өнімдерінің экспорттық әлеуетін нығайту мәселелеріне арналады.

Көрменің алғашқы күнінде-ақ InterFood Astana 2026 көрме алаңы қарқынды B2B-келіссөздердің, кәсіби диалогтың және Қазақстанның азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға ықпал ететін озық салалық шешімдердің тұсаукесер орталығына айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме халықаралық диалогты дамытуға, инновацияларды енгізуге және азық-түлік нарығы қатысушылары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге ықпал ете отырып, өңірдегі негізгі салалық іс-шаралардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастыруда.

Ресми қолдау көрсеткендер: Астана қаласының әкімдігі, DAMU қоры, «Туризмді дамыту орталығы «Astana Tourism» ЖШС, Visit Astana.

Іс-шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы халықаралық серіктес ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастыруда.

Көрме есігі 15 мамырға дейін ашық болады, сала мамандарын іс-шара сайты арқылы алдын ала тіркеліп келуге шақырамыз.

 

www.interfoodastana.kz