АСТАНАДАҒЫ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКСКЛЮЗИВТІ БИЗНЕС ІС-ШАРА
ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫ 29–31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН INTERFOOD ASTANA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ӘЛЕМНІҢ 15 ЕЛІНЕН ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ, СУСЫНДАР, ИНГРЕДИЕНТТЕР, ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ҚАПТАМА МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 80 ӨНДІРУШІСІНІҢ БАС ҚОСУ АЛАҢЫНА АЙНАЛМАҚ. БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ КӨРМЕНІҢ ҚҰРМЕТТІ ӨҢІРІ БОЛМАҚ. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНДА 30-ДАН АСТАМ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ТАУАРЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ.
24 жыл бойы тамақ өнеркәсібі үшін маңызды іс-шара бола отырып, InterFood Astana 2024 жыл сайын тамақ өндірісінің мамандары үшін бизнесті масштабтау мүмкіндіктерінің платформасы болып келеді. Көрмеде сала өкілдері жаңа жеткізушілермен және өнім үлгілерімен танысып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастық пен экспорттық нарықтарға шығу перспективаларын ашады, Қазақстанда өз орнын табуға ұмтылатын жаңа ойыншылардың идеяларымен танысып оны бағалайды, сондай-ақ әлемдік азық-түлік нарығының соңғы даму үрдістерінің ағымына түседі және аймақтың тұтынушылық қалауының динамикасын зерттейді.
Көрме серіктесі
Іс-шарасының бас серіктесі –- 24-ші Қазақстандық халықаралық InterFood Astana 2024 көрмесінің «Құрметті өңірі» мәртебесінде өздерін таныстыратын Еуропалық Одақ.
2024 экспозициясы
Көрмеге Еуропалық Одақ, Болгария, Германия, Қазақстан, Қытай, Литва, Молдова, Ресей, Сингапур, Түрікменстан және Чехиядан 80-нен астам қатысушы азық-түлік, сусындар жабдықтар мен ингредиенттердің кең ассортиментін ұсынады. Еуропалық Одақтың таныстырылым павильоны Қытай, Венгрияның ұлттық экспозицияларымен қатар ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің өндірушілерінің өнімдерін таныстырады, олардың стендтері де осы елдердің жергілікті өнімдері мен сусындарының алуан түрін ұсынады. Ресейден келген өндірушілер Удмурт Республикасының ұжымдық стенді аясында экспорттық әлеуетті ұсынады. Қазақстандық өндірушілер арасында отандық өндірістің флагмандары Сұлтан Маркетинг, Прима Кус, Цин-Каз және басқа да компаниялар ұсынылады. Азық-түлік өндірістерін жарақтандыруға арналған жабдықтар, сондай-ақ нан пісіру, кондитерлік, зертханалық, орау жабдықтары, жемістер мен көкөністерді құю және өңдеу желілерін Kronen (Германия), Ruwac (Қазақстан/Германия), Rodals (Молдова), Фаворит Техно (Қазақстан), Omnipol (Чехия), сондай-ақ Қытайдан келген компаниялар ұсынады. Қаптама өнімдерімен Гласс Декор (Ресей), «Гофротара» зауыты (Қазақстан), Интер Мульти Сервис (Қазақстан), Парадигма (Ресей) және басқа да компаниялардың стендтерінде танысуға болады.
Көрменің жаңа қатысушылары
Жылдан жылға InterFood Astana көрмесі өсіп келеді және оның ауқымын одан да әсерлі ете отырып, өз қатарына жаңа қатысушыларды тартады. Биыл көрме алаңы жаңа тұлғалардың кең ауқымын қуана қарсы алады. Алғаш рет Қытайдан 15-тен астам өндірушілер таныстырылады, олар азық-түлік, ингредиенттер, орау және жабдықтарды ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар Гуйчжоу провинциясы автономиялық ауданының бірегей мәдени дәстүрлерімен бөліседі. HEPA, Венгрияның экспортты ілгерілету қауымдастығы ЭКСПО-шарада дебют жасайды. Бұл Венгрияның экспорттық әлеуетін көрсетеді және Қазақстан кәсіпкерлерімен іскерлік әріптестік орнату үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер әкеледі.
Биылғы бірегей алаң Еуропалық Одақтың өнімдері ұсынылатын павильоны болмақ, онда келушілер ЕО-ның 30-дан астам өндірушілерінің тағамдары мен сусындарынан ләззат ала алады. 40 құрметті қонақтардан, агроазық-түлік секторының кәсіпкерлерінен және Еуропалық Одақтың салалық қауымдастықтарының өкілдерінен тұратын еуропалық бизнес-делегация InterFood Astana көрмесінде келушілерді қарсы алу үшін ауқымды бағдарлама дайындауда. Қонақтарды дегустация, мастер-класстар, Еуропалық өнімді Қазақстанға импорттау жөніндегі B2B-келіссөздер күтеді, бұл көрмеге баруды одан да қызықты етіп, барлық қонақтарға өз бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Көрменің іскерлік бағдарламасы
Көрмелердің қызықты іскерлік бағдарламасы аясында өтеді:
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ЕО Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Януш Войцеховскийдің қатысуымен «ҚР мен ЕО-ның агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығы» атты пленарлық сессиясы.
- «Тамақ өнеркәсібі нарығындағы экспорт және импорт – қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтармен ынтымақтастығы» атты панельдік сессиясы.
Сондай-ақ, іскерлік бағдарламада сала сарапшыларының презентациясы, мамандандырылған мастер-класстары, қатысушы компаниялардан – дегустация, аспаздық мастер-класстар, жабдықтардың жұмысын көрсету, озық технологиялармен таныстырылымдар күтіледі. «Ритейл-дистрибьютор орталығы» эксклюзивті алаңы дәстүрлі түрде өндірушілердің республикалық және өңірлік сауда желілерімен әрі дистрибьюторлармен іскерлік келіссөздері үшін бірегей мүмкіндік береді.
Көрме - өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе мен идеялармен алмасуға, сондай-ақ саланың жетекші компанияларымен және сарапшыларымен құнды іскерлік байланыстар орнатуға тамаша орын. InterFood Astana алаңы - бұл технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілер, тамақ және сусындар өндірушілері, дистрибьюторлары мен бөлшек саудагерлері үшін тиімді диалог алаңы.
ITECA.EVENTS қосымшасы NEW
Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының бірегей digital-платформасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті жасанды интеллектті пайдалана отырып, келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникацияларды құру. ITECA.EVENTS қосымшасы көрмеге қатысушылардың құрамымен, жоспарымен, қызметтерімен және өнімдерімен алдын ала танысуға, сондай-ақ іс-шараға келген кезде кездесу кестесін белгілеу және контактілермен барынша ыңғайлы тәсілмен алмасуға мүмкіндік береді. Қатысушы немесе келуші бейджін QR сканерлеу арқылы байланыс бірден жеке кабинетке біріктіріледі және оны көрме аяқталғаннан кейін бірден ыңғайлы форматта жүктеуге болады.
Ресми қолдау
Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақ тағамтану академиясы ресми қолдау көрсетеді.
Іс-шараны ұйымдастырушы
Қазақстанда бизнес іс-шара, көрмелер, форумдар мен конференциялар өткізуде 30 жылдық тәжірибесі бар қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Көрме туралы толығырақ ақпаратты және қатысушылар тізімін іс-шараның www.interfoodastana.kz ресми веб-сайтынан табуға болады