INTERFOOD ASTANA 2024 КӨРМЕСІНДЕГІ ДӘМ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
29–31 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ «ЕХРО» ХКО-ДА 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ INTERFOOD ASTANA 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ. 2024 ЖЫЛҒЫ КӨРМЕНІ ЕО-ҒА МҮШЕ 27 МЕМЛЕКЕТ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ӘЛЕМНІҢ 12 ЕЛІНЕН: БЕЛАРУСЬ, БОЛГАРИЯ, ВЕНГРИЯ, ГЕРМАНИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЛИТВА, МОЛДОВА, РЕСЕЙ, СИНГАПУР, ТҮРІКМЕНСТАН, ЧЕХИЯДАН 80-НЕН АСТАМ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БІРЕГЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ ҰСЫНАДЫ. СТЕНДТЕРДЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖАҢА ӨНІМДЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДАН БАСТАП ЭКЗОТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМҒА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІНГІ ТАУАРЛАРДЫҢ КЕҢ СПЕКТРІН ҰСЫНАДЫ.
Жыл сайын InterFood Astana көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа өндірушілерді қарсы ала отырып, өз алаңын ұлғайтады. Биылғы жылы Қытайдың Гуйчжоу провинциясының 15 өндірушісі және венгрияның экспортты жылжыту қауымдастығы - HEPA дебют жасайды. Алғаш рет, тек биылғы жылы ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің өндірушілерінен еуропалық тауарларды ұсынатын экспозициясы бар Еуропалық Одақ көрменің Ардақты аймағы мәртебесін алды.
Көрме аясында екі күн бойы өтетін қызықты іскерлік бағдарлама күтілуде. Іскерлік бағдарлама 29 мамыр күні «Тамақ өнеркәсібі нарығындағы экспорт және импорт – қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтармен ынтымақтастығы» панельдік сессиясынан басталады. Бұдан әрі тәжірибе сарапшылары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен ЕО Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Януш Войцеховскийдің қатысуымен «ҚР мен ЕО-ның агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығы» атты пленарлық сессиясы барысында халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын, экономикалық және экологиялық пайданы талқылайды.
30 мамыр күні Expert Talks өтеді, онда сала сарапшылары «Қазақстандық нарықтағы франчайзингтің қыр-сыры» және «Агроөнеркәсіптік кешендегі ЖИ: талдаудан бастап қолданысқа дейін – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік индустриясындағы өнімді басқару мен сатудың жаңа тәсілдері» атты тақырыптарында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, мамандандырылған мастер-класстар, қатысушы компаниялардың перфомансы – дегустациялар, аспаздық мастер-класстар, жабдықтардың жұмысын көрсету, озық технологиялардың тұсаукесерлері және т.б. өтеді.
Көрме алаңында дәстүрлі түрде Ритейл-Дистрибьютор Орталығы -өндірушілердің республикалық және өңірлік сауда желілерімен және дистрибьюторлармен іскерлік келіссөздері үшін эксклюзивті алаң ұйымдастырылады.
Көрмені Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.
InterFoodAstana 2024 көрмесі ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақ тамақтану академиясының қолдауымен өткізіледі.
Іс-шара туралы толығырақ ақпаратпен және қатысушылар тізімімен www.interfoodastana.kz ресми сайтында танысуға болады