INTERFOOD ASTANA 2024: ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫН, ЖАҺАНДЫҚ ДИАЛОГ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ТАНЫСТЫРУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ПЛАТФОРМА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫНДАҒЫ «EXPO» ХКО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ОРНАТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЛДЫ, ДӘЛ ОСЫ ЖЕРДЕ 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ» - INTERFOOD ASTANA 2024 КӨРМЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. ЭКСПОЗИЦИЯНЫ ЕО-ҒА МҮШЕ 27 МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨНДІРУШІЛЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕМНІҢ 12 ЕЛІНЕН 80-НЕН АСТАМ КОМПАНИЯ ҰСЫНДЫ: БЕЛАРУСЬ, БОЛГАРИЯ, ВЕНГРИЯ, ГЕРМАНИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫТАЙ, ЛИТВА, МОЛДОВА, РЕСЕЙ, СИНГАПУР, ТҮРІКМЕНСТАН, ЧЕХИЯ. СТЕНДТЕРДЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖАҢА ӨНІМДЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДАН БАСТАП ЭКЗОТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМҒА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ШЕШІМДЕРГЕ ДЕЙІНГІ ТАУАРЛАРДЫҢ КЕҢ СПЕКТРІН ҰСЫНДЫ.
Биылғы іс-шараның басты серіктесі – «Ардақты аймағы» мәртебесінде өздерін таныстырған Еуропалық Одақ. Көрменің келушілері үшін ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің өндірушілерінен еуропалық тауарлардың презентациялық павильоны ұйымдастырылды, ал 40 құрметті қонақтардан тұратын еуропалық бизнес-делегация - агроазық-түлік секторының кәсіпкерлері мен Еуропалық Одақтың салалық қауымдастықтарының өкілдері InterFood Astana көрмесінде іскерлік кездесулердің ауқымды бағдарламасын дайындады.
Экспозиция бойынша таныстыру турына көрменің құрметті қонақтары ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ЕО Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Януш Войчеховский, Iteca көрме компаниясының директоры Борис Даниленко, Бельгия, Венгрия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Швейцария, Швецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты.
Сондай-ақ Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою және сауда байланыстарын кеңейту мақсатында бірқатар екіжақты бизнес-кездесулер өтті. Еуропалық Одақтың презентациялық павильоны еуропалық өндірушілердің озық технологиялары мен өнімдерін көрсету үшін орталық алаңға айналды.
Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде: «Көрме азық-түлік өндірушілерді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын, қаптама индустриясы өкілдерін біріктіреді. InterFood Astana алаңы дәстүрлі кездесу, келіссөздер орнына айналды. ЕО делегациясының сапары – қазақстандық кәсіпкерлер үшін еуропалық серіктестермен ынтымақтастық орнатудың тамаша мүмкіндігі. Қазақстан мен Еуропалық Одақ берік әріптестік қатынастармен байланысты және біз оларды одан әрі кеңейту мен нығайтуға үнемі қадамдар жасаймыз» – деп айтты.
Өз кезегінде ЕО Ауыл шаруашылығы комиссары Януш Войчеховский көрмеге қатысу туралы әсерімен бөлісті: «Мен бүгін осында болғаныма өте қуаныштымын, Еуропалық Одақты көрменің Ардақты аймағы ретінде таныстырып, ЕО өнімдерімізді насихаттап, оларды ерекше ететін негізгі құндылықтармен : сапа, қауіпсіздік, шынайылық және тұрақтылықпен бөлісемін. ЕО павильоны сізді Еуропалық Одақтың түкпір-түкпірінен 250-ден астам тамақ пен сусындармен қарсы алады».
InterFood Astana жыл сайын қазақстандық нарыққа халықаралық қызығушылықты көрсете отырып, өз алаңын ұлғайтады. Биылғы жылы көрмеде Гуйчжоу (Қытай) провинциясынан 15 өндіруші және Венгрияның экспортты ілгерілету қауымдастығы – HEPA бірден дебют жасады. Беларусь пен Қытайдан келген өндірушілер өздерін бірыңғай ұлттық стендтер арқылы таныстырды.
Дәстүр бойынша, өз стендтерінде қатысушылар азық-түлік портфолиосының жаңалықтарын ұсынды; тағамдық қоспалар мен ингредиенттер; алкогольдік, алкогольсіз сусындар, шай, кофе; тамақ, сусын, қаптама өндірісіне арналған жабдықтар; қаптама технологиялары, контейнерлер мен қаптамалар; наубайхана жабдықтары және т.б.
Көрменің іскерлік бағдарламасы өз жұмысын «Тамақ өнеркәсібі нарығындағы экспорт және импорт – қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтармен ынтымақтастығы» атты Панельдік сессиясынан бастады. Спикерлер диалог форматында ағымдағы экономикалық жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлерге арналған қолдау бағдарламаларын дамыту бойынша нақты ұсыныстарды талқылады, қазақстандық өнімдерді экспорттау стратегияларына талдау және талқылау жүргізді және тамақ өнеркәсібі саласындағы бизнесті кеңейту перспективаларын белгіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров пен ЕО Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Я. Войчеховскийдің қатысуымен өткен «ҚР мен ЕО-ның АӨК және тамақ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығы» атты Пленарлық сессиясы басты назарды аударды, онда халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары, ынтымақтастықтың экономикалық және экологиялық пайдасы талқыланды.
Ертең, 30 мамыр күні Expert Talks өтеді, онда сала сарапшылары «Қазақстандық нарықтағы франчайзингтің қыр-сыры» және «АӨК-тегі ЖИ: талдаудан бастап қолданысқа дейін - ауыл шаруашылығы мен азық-түлік индустриясындағы өнімді басқару мен сатудың жаңа тәсілдері» атты тақырыптарында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ритейл-Дистрибьютор Орталығы -өндірушілердің республикалық және өңірлік сауда желілерімен және дистрибьюторлармен іскерлік келіссөздеріне арналған эксклюзивті алаң өз жұмысын бастайды.
Биылғы жылы тағы бір жаңалық ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті кездесулер мен лидтерді жинау мүмкіндігімен келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.
Ұйымдастырушы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Көрме тағы екі күн өтеді, біз тамақ өнеркәсібінің мамандарын іс-шараның веб-сайтына алдын-ала тіркелу арқылы күтеміз.