«МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ВЬЕТНАМДЫҚ-ЖАПОНДЫҚ КОМПАНИЯСЫ КӨРМЕДЕ ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕСПЕ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІ МЕН СУСЫНДАРДЫ ҰСЫНАДЫ
Rollton, BIGBON, Sunbel, Actibo және т.б. сияқты танымал брендтермен тез дайындалатын кеспе, макарон өнімдері, сусындар шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» вьетнам-жапон сауда-өндірістік компаниясы өз өнімдерін InterFood Astana халықаралық көрмесінде ұсынады.
Компания зауыты Қазақстанда, Алматы облысында Қонаев қаласына жақын орналасқан. Жыл сайын зауыт Қазақстан нарығына, сондай-ақ Орталық Азия, Ауғанстан, Моңғолия, Молдова және т. б. елдерге экспортқа шығатын 40 мың тоннадан астам дайын өнім шығарады.