26-шы Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

26-шы Қазақстандық Халықаралық "Тамақ өнімдері, Сусындар, Ингредиенттер, Тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар" көрмесі

Астана, Қазақстан«EXPO» ХКО

INTERFOOD ASTANA 2025: АСТАНАДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ИНДУСТРИЯСЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕ 10 ЕЛДІ БІРІКТІРЕДІ

2025 ЖЫЛДЫҢ 28–30 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДАҒЫ «EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 25-ШІ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ INTERFOOD ASTANA 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ — БҰЛ ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРА БОЛМАҚ.

Көрмеге 10 елден – Қазақстан, Беларусь, Болгария, Германия, Қытай, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Украина және Оңтүстік Кореядан 81 компания қатысады. Олардың ішінде 43 қазақстандық, 38 халықаралық компаниялар. Көрмеде алғаш рет Қырғыз Республикасының ұлттық павильоны ұсынылады — 20-дан астам өндіруші өз өнімдерін таныстырады. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея мен Ресейдің азық-түлік өндірісіндегі қауіпсіздік және сапаны бақылау жүйелерін әзірлеуші жетекші компаниялары алғаш рет экспонент ретінде қатысады.

Экспозиция азық-түлік нарығының кең сегменттерін қамтиды: шикізат пен ингредиенттерден бастап, қаптама мен азық-түлік өнеркәсібіне арналған жоғары технологиялық жабдықтарға дейін. Келушілерді заманауи технологиялар демонстрациясы, дегустациялар және аспаздық мастер-класстар күтеді.

Көрменің іскерлік бағдарламасы InterFood Astana тарихындағы ең мазмұнды бағдарлама болуға уәде береді. 28 мамырда көрме «Қазақстандағы азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы» тақырыбындағы пленарлық сессиямен ашылады.

Іскерлік бағдарламада ритейл, тауар санаттарын басқару, сату және цифрлық маркетинг саласындағы жетекші мамандар сөз сөйлейді. Олардың қатарында – халықаралық сарапшы Игорь Чумарин, ол жеткізу тізбегіндегі шығындардың алдын алу бойынша маманданған, сондай-ақ сату және персоналды оқыту саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-консультанттар — Анна Бакурская мен Елена Ривкина (Red Business Consulting) бар.

EXPERT TALKS аясында Игорь Чумарин «Артық шығынсыз зауыттан дүкен сөресіне дейін» атты сессияны өткізеді. Ол жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде шығынды азайтуға көмектесетін тиімді құралдармен бөліседі. Анна Бакурская мен Елена Ривкина бірқатар қолданбалы іс-шараларды жүргізеді: категориялық менеджерлерге арналған сатылымға бағытталған презентациялар жасау бойынша эксперттік сессия; дистрибьюторлар арқылы сатылымды масштабтау туралы бизнес-лекция; азық-түлік маркетингінде жасанды интеллектті қолдану бойынша воркшоп; шағын брендтердің нарықтағы ірі ойыншылармен бәсекелесіп, тұтынушының адалдығын қалыптастыру жолдары туралы мастер-класс.

Сондай-ақ, бағдарламада «ЖИ және IIoT технологияларының көмегімен тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының цифрлық егізін жасау» тақырыбындағы презентация өтеді. Іскерлік бағдарламаның әрбір спикері тәжірибелік қолдануға бағытталған, ал баяндамалар азық-түлік саласындағы цифрландыру, оңтайландыру және өсу бойынша негізгі трендтерді ашады.

Ресми қолдау: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Қазақ тағамтану академиясы.

Көрменің ұйымдастырушысыҚазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Іс-шара туралы толық ақпаратты және қатысушылар тізімін www.interfoodastana.kz сайтынан табуға болады.